"Бағаны өсіру 2021 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында болған. Осы аралықтағы мекеменің табысы 559 млн тг жеткен. Айыппұл сол жалпы табыстың 5%ы көлемінде салынады. Бұл жағдайда 28 млн теңге" дейді ҚР бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің МОД тергеп-тексеру бөлімінің басшысы Самат Құсайынов.
Ереже бойынша электронды сауда алаңдарында сұйытылған газ 5 сессиямен сатылады. Зауыт басшылығы шикізатты уақытылы саудаға шығармай, газ тапшылығын қолдан жасап, өзінің монополистік жағдайын теріс пайдаланған. Самат Құсайынов зауыттың бірінші сессияға қатыспай, оған тиесілі газ көлемін екінші сессияға ауыстырып, қымбат бағамен сатып отырғанын айтады.
Жаңаөзен қаласының мамандандырылған сотының шешімі әлі күшіне енген жоқ. Тексеріс барысында ҚазақГазӨңдеу зауыты тарапынан жасалған басқа да заң бұзушылықтар анықталып, тергеп-тексеру жүргізілуде. Жыл басында мекеменің бас директоры газ бағасын негізсіз көтеру фактісі бойынша қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу басталған еді. Егер басшының кінәсі дәлелденсе, зауыттың тәркілеуге жататын монополиялық кірісі шамамен 342 млн тг, ал салынатын әкімшілік айыппұл көлемі 127 млн тг болуы мүмкін.