Бұл туралы қаржы мониторинг агенттігі хабарлады. Белгілі болғанындай, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет, квазимемлекеттік компаниялар, кәсіпкерлер, қоғамдық қорлар су тасқынының зардаптарын жоюға 140 миллиард теңгеден астам қаржы бөлген.
- АФМ басшысы зардаптарды жоюға бөлінген ақшаның барлық зардап шеккен азаматтарға нақты жетуі үшін мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Мәселен, Алматы қаласы, Ақтөбе, Қызылорда мен Ұлытау облыстарындағы қаржы мониторингі органдары ұрлық дерегі бойынша төрт іс қозғады. Күдікті ретінде бес адам анықталды. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден асты, – делінген хабарламада.