RSS лента

Сатыбалдыұлының ісі бойынша мемлекетке тағы 44,6 миллиард теңге қайтарылды

  • 08.02.2024, 10:38,
  • 216
  • 0
  • Автор:
Автор фото: gov.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық істерді тергеу шеңберінде мемлекетке 2024 жылдың басынан бастап қосымша 44,6 млрд теңге қайтарылды. Ақша республикалық бюджетке жіберілді, деп хабарлайды Turantimes.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап. 

Агенттіктің қосымша ақпараты бойынша, бір жыл бұрын Антикормен бизнесті қорғау жұмысы аясында «Бизнеске жол» жобасы іске қосылды. Ол жергілікті жерлерде кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін жүйелі әкімшілік кедергілерді жоюға арналған. Жоба іске қосылған сәттен бастап 600-ден астам проблемалық кейс шешіліп, 30 мыңға жуық кәсіпкерге көмек көрсетілген.


Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Агенттік Қаржы министрлігімен және Ұлттық Банкпен бірлесіп осы құралдарды енгізуді жалғастырады. Қазіргі уақытта «ақшаны бояуды» пилоттық енгізу үшін автожолдар салу, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алу, сондай-ақ Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қаражатын пайдалану салалары айқындалған. 


Антикор Төрағасы Асхат Жұмағали: «бюджеттен бөлінген қаржы түпкі мақсатына жетуі керек. Біздің сүйемелдеуіміздегі құрылыстары ұзаққа созылған нысандардың уақытылы берілмей, сапасыз салынуы көбіне ақшаны жымқыру немесе шенеуніктерге одан әрі кері қайтару салдарымен және басқа да құқықбұзушылықтармен байланысты екенін бәріміз білеміз.


Цифрлық теңге құрал ретінде «ақшаны бояу» институтын іске асыруға септігін тигізеді. Цифрлық теңгенің алгоритмдері болғандықтан, өзінің іздері бар. Мысалы, қаражат жалақыға бөлінсе, басқа бағытқа кетпей, еңбекақы, тауарлар мен қызметтерді сатып алу және салық төлеу бойынша игеріледі.


Бөлінген қаржы қозғалысының рәсімдері ашық болып, барлық аударым өз мақсатына жетіп, әр теңге көзделген мақсатына жұмсалуы тиіс», - деп атап өтті. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости