RSS лента

Мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша МӘЖ төлеуге бюджеттен 56,7 млрд теңге жұмсалды

  • 27.02.2024, 10:56,
  • 243
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turan Times

2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша МӘЖ алушылар саны шамамен 537,3 мың адамды, ал асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша шамамен 192,9 мың адамды құрады, деп хабарлайды Turantimes.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 

Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен шамамен 50,1 млрд теңге жұмсалды. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 6,6 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер төленді.


Министрліктің мәліметінше, төлемдердің мөлшері жеке болады және мыналарға байланысты: соңғы 2 жылдағы МӘСҚ-ке әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс, еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициенттері, асырауындағы адамдар саны, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және табысты ауыстыру. Бұл төлемдер республикалық бюджеттен төленетін ұқсас жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады.


2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты 7 %-ға өсті. ҚР Үкіметінің шешімі бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша МӘСҚ-тен төленетін төлемдердің мөлшері де 7 %-ға арттырылды. Мәселен, биыл жалпы аурудан мүгедектігі бойынша МӘЖ мөлшері 1-топ үшін 95 496 теңгені, 2-топ үшін – 76 397 теңгені, 3-топ үшін – 52 089 теңгені құрайды.


2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша МӘСҚ-тен төленетін әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 57 035 теңгені, асыраушысынан айырылу бойынша 53 898 теңгені құрайды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости