RSS лента

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 682 млрд теңге төленді

  • 25.12.2023, 17:09,
  • 226
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turan Times

2023 жылдың 11 айында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 1,2 млн адам жалпы сомасы 682,6 млрд теңгеге әлеуметтік төлемдер алды, деп хабарлайды Turantimes.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 

Министрліктің мәліметінше, еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлем бюджет қаражаты есебінен мүгедектігі бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша тағайындалады. МӘСҚ-тан тағайындалатын төлем жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін 30%-дан 100%-ға дейін медициналық-әлеуметтік сараптама белгілеген кезеңге төленеді және еңбек қызметін жалғастыруына қарамастан жүргізіледі.

2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша аталған төлемді МӘСҚ-тан 35,1 млрд теңге сомасына 99 мыңға жуық адам алды, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ға артық. Тағайындалған төлемнің орташа мөлшері 46 681 теңгені құрады.


Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының асырауында болған адамдарға бюджет қаражаты есебінен төленетін асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша тағайындалады. МӘСҚ-тан берілетін төлем асырауындағы адамдар 18 жасқа толғанға дейін, ал күндізгі оқу нысаны бойынша 23 жасқа дейін жүзеге асырылады.

Осы жылдың 11 айында аталған төлемді асыраушысынан айырылған 63,4 мың отбасы 24,3 млрд теңге сомаға алды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25% - ға артық. Тағайындалған төлемнің орташа мөлшері 51 663 теңгені құрады.


Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға оның жұмыстан шығу себебіне қарамастан тағайындалады. Оны тағайындаудың басты шарты – жұмыссыз ретінде тіркелу. Тіркелу арқылы қатысушы әлеуметтік төлемді тағайындау құқығына ие болады. Төлем жүйеге қатысу өтіліне байланысты 1 айдан 6 айға дейін тағайындалады. Төлем мөлшері жұмыссыз ретінде тіркелгенге дейінгі соңғы 2 жыл ішінде МӘСҚ-ке әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табысқа, жүйеге қатысу өтіліне және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 40%-дан 45%-ға дейін арттырылған кірісті алмастыру коэффициентіне байланысты болады.

2023 жылдың 11 айында аталған төлем 44,5 млрд теңге сомасына жүзеге асырылды, оны 206,6 мың адам алды, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңіндегі алушылар санынан 2 есе артық. Өсім өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап Отбасының цифрлық картасын енгізумен байланысты, оның шеңберінде жұмысынан айырылу бойынша төлем проактивті түрде беріледі, тек төлем тағайындауға келісімді растау, сондай-ақ азаматтардан «Электрондық үкімет» порталы, «Электрондық еңбек биржасы» порталы және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы төлемге өтініштер берудің электрондық нысанын талап ету жеткілікті. Тағайындалған төлемнің орташа мөлшері шамамен 59 мың теңгені құрады.


Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жүктілігі және босануы бойынша демалыстың барлық күндеріне тағайындалады. Төлем мөлшері жүктілікке және босануға байланысты демалыс күніне дейінгі соңғы 12 айда МӘСҚ-ка әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табысқа және еңбекке жарамсыздық күндерінің санына байланысты.

2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша аталған біржолғы төлемді жалпы сомасы 323 млрд теңгеге 269,7 мың адам алды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сомадан шамамен 2 есе артық. Тағайындалған төлемнің орташа мөлшері 1 236 567 теңгені құрады.

Бір жарым жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға бала туған күнінен бастап тағайындалады. Төлем мөлшері соңғы 2 жылда МӘСҚ-ке әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыстың 40% - ын құрайды. Екі және одан да көп бала туған кезде төлем әр балаға жеке тағайындалады.

2023 жылғы қаңтар-қараша аралығында бұл төлем 289,4 мың адамға тағайындалды және ай сайынғы орташа төлем мөлшері 68 328 теңгені құрады. Төлем 255,7 млрд теңге сомасына жүргізілді, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 63% - ға артық. Көрсетілген төлемнің өсуі 2023 жылғы қаңтардан бастап төлем кезеңінің бір жылдан бір жарым жылға дейін ұлғаюымен байланысты.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости