RSS лента

Елімізде әлеуметтік төлемдер артпақ

  • 20.10.2023, 16:03,
  • 414
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ru.freepik.com

Қазақстанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер артады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша әлеуметтік төлемдер мөлшері артады. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қол қойды.

 

Құжатта 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдерді 7%-ға арттыру көзделген.

 

Аталған қаражат еңбекке қабілеттілікті жоғалтқан 87 мыңға жуық адамды және асыраушысынан айырылған 59 мың отбасын қамтиды. Бұл мақсаттарға қосымша 5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады.

 

Естеріңізге сала кетейік, Әлеуметтік кодекске сәйкес ҚР Үкіметі еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айрылу жағдайлары бойынша төлемдердің мөлшерін жыл сайын арттырып отырады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости