RSS лента

БЖЗҚ зейнетақы активтерінен Air Astana акциялары сатып алынды

  • 15.02.2024, 13:57,
  • 145
  • 0
  • Автор: Sholpan2022
Автор фото: pixabay.com

Бүгін ҚР Ұлттық Банкі БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен 2024 жылғы 14  ақпанда БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне 1 акция үшін 1 073,83 теңге бағамен 24,9 млрд теңгеге «Эйр Астана» АҚ-ның жай акциялары сатып алғанын хабарлады.  

«Эйр Астана» АҚ-ның сатып алынған жай акцияларының жалпы саны 23 168 975 дананы немесе шығарылған компания акцияларының жалпы санының 6,5%-ын құрады.


Ұлттық Банк Қазақстанның жоғары сапалы эмитенттерінің жай акцияларын сатып алу БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелін әртараптандыруға бағытталды және ұзақмерзімді перспективада оның кірісін арттыруға ықпал етеді деп сенеді. 


БЖЗҚ зейнетақы активтерін «Эйр Астана» АҚ-ның жай акцияларына инвестициялау туралы шешім тұрақты қаржылық көрсеткіштерге, сондай-ақ болашақта тұрақты дивидендтер төлеуге мүмкіндік беретін компания қызметінің жоғары рентабельділігіне негізделгенін атап өтті. Осы инвестициялар іс жүзінде БЖЗҚ салымшыларына Орталық Азияның авиациялық нарығындағы көшбасшылардың біріне акционер болуға мүмкіндік береді.



Оставить комментарий
Последние новости