RSS лента

Заңсыз иемденілген 1 трлн теңгеге жуық активтер қайтарылды

  • 26.01.2024, 12:33,
  • 244
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды Turantimes.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Үкімет басшысының мәліметінше, соңғы 2 жылда елге жалпы сомасы 1 трлн теңгеге жуық активтер қайтарылған. Ауқымды жұмыс аясында 344 жылжымалы және жылжымайтын мүлік объектісі, соның ішінде шетелде 131 объект анықталған. 


Жалпы құны 448 млрд теңге құнды қағаздар бойынша мәлімет алынды.


Сомасы 220 трлн теңге болатын банк операциялары, оның ішінде 1,4 трлн теңгені құрайтын күмәнді операциялар тексерілуде.


«Біздің ортақ міндетіміз – заңсыз иемденілген активтерді қайтаруды қамтамасыз ету және оларды қоғам мен мемлекет игілігі үшін пайдалану», — деді Әлихан Смайылов.


Талқылау қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді. Комиссия жұмысы жалғасуда.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости