RSS лента

«Астана-Алматы» жолы қашан толық іске қосылмақ?

  • 28.12.2023, 15:07,
  • 172
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ortcom.kz

Астана-Алматы автожолы оңтүстік өңірді Қазақстанның орталығымен байланыстыратын негізгі бағыт, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Аталған дәлізді реконструкциялау барысында 4 жолақты қозғалысы бар I техникалық санатқа ауыстыру жұмыстарымен қамту арқылы 946 шақырым жол қарастырылған. Оның 874 шақырымында (92%) жаңа жабын салынып, көліктің кедергісіз қозғалысы қамтамасыз етілді. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі мәлім етті. Орталық-Оңтүстік дәлізі «Қарағанды-Балқаш», «Балқаш-Бурылбайтал», «Бурылбайтал-Күрті» сынды негізгі үш учаскеге бөлінген. Атап айтқанда, ұзындығы 363 км болатын «Қарағанды-Балқаш» учаскесі бойынша жол толығымен қолданысқа берілген. Қалған жұмыстарды 2024 жылы аяқтау жоспарлануда. Жалпы ұзындығы 288 шақырым болатын «Балқаш-Бурылбайтал» сегментінің 127 шақырымында биыл жұмыстар толық көлемде аяқталып, пайдалануға берілді. Ұзындығы 72 км учаскені қоспағанда, 161 шақырымда қозғалыс асфальтбетон жабыны бойынша қамтамасыз етілген. Жұмыстарды келесі жылы толық аяқтау жоспарлануда.

 

Жалпы ұзындығы 295 км болатын Бурылбайтал-Күрті учаскесінде биыл ұзындығы 81 км учаске пайдалануға берілді, қалған 214 км-де жаңадан салынған асфальтбетон жабыны бойынша қозғалыс ашылды.

 

Жол жобаларының іске асырылу мерзімдеріне негізгі жол-құрылыс материалдары бағасының күрт ауытқуы, құрылыс маусымындағы жол битумының тапшылығы мәселелері әсер еткен. Кейбір жағдайларда келісімшарттық міндеттемелерді жосықсыз орындау, жұмыс кестесінің бұзылуы орын алып, бұл сайып келгенде келісімшарттарды бұзуға әкеледі. Мәселен, биыл ұзындығы 85 км Күрті-Бурылбайтал учаскесінде, ұзындығы 46 км Балқаш-Бурылбайтал учаскесінде жаңа мердігерлер анықталып, аталған учаскелерде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүзеге асырыла бастады. Аталған қиындықтарға қарамастан биыл Астана-Алматы жобасында асфальтбетон төсемімен жүру қамтамасыз етілді.

 

Жалпы 2024 жылдың соңына дейін барлық 4 жолақ бойынша қозғалысты қамтамасыз ете отырып, жобаны аяқтау жоспарланып отыр.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости