RSS лента

«Жемчужина» – шетелдер нарығында зор сұранысқа ие

  • 15.11.2023, 18:50,
  • 82
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

«Жемчужина» серіктестігі жыл сайын 2000 тоннадан аса балық аулап, 16 түрлі өнімдерді ел нарығына ұсынып отыр, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

 


Қазіргі уақытта «Жемчужина» профилакториіне қарасты Атырау қаласы маңындағы Жаңаталап кентінде және Құрманғазы ауылында балықты қабылдау, мұздату және сақтау бойынша өндірістік базалар, балықты тұздау және кептіру бойынша учаскелер жұмыс істеуде.

 

Қазіргі уақытта «Жемчужина» өнімдері Қазақстан ғана емес, Ресей, Әзербайжан, Украина нарығында үлкен сұранысқа ие.

 

«Сонымен бірге, Атырау қаласы тұрғындарының өтініші бойынша, "Жемчужина" жергілікті азық-түлік жәрмеңкелерінде балық өнімдерін қолжетімді бағада тұтынушыларға ұсынып отыр. Қала орталығында біз балық және балық өнімдерінің 15 түрін сататын дүкен аштық. Онда балық - аспаздық өнімдер дайындалатын аспаздық цех жұмыс істейді. Алға қарай, осындай дүкендерді Астана және Алматы қалаларында ашу жоспарда» деді " Жемчужина профилакторийі" ЖШС директоры Гүлфара Исмагулова.

 

Еске сала кетелік, «Жемчужина» профилакториі 2000 жылдан бастап балық шаруашылығымен айналыса бастады.

Аталған серіктестік «Караоткел – 2010» республикалық байқауында алтын медальмен марапатталды. Әр жылдары «Атырау облысының үздік тауарлары», «Қазақстанның үздік тауары» конкурстарында түрлі марапаттарды иеленді.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости