1996 жылы негізі қаланған "Құрманғазы" өндірістік кооперативі бірнеше жылдан бері балық және балық өнімдерін өндірумен, өңдеумен, сақтаумен және сатумен айналысып келеді.
Қазіргі уақытта өндірістік кооператив ұсынып отырған тауар ассортименті 16-ға жетті. «Атырауда жасалған» өнімдер жуырда Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне тауар экспорттау сертификатын иемденді.
Енді, «Құрманғазы» кооперативі Әзербайжан, Грузия, Ресей, Украина, Өзбекстан елдеріне балық өнімдерін алаңсыз экспорттай алады. Өткен жылы кооперативке Жайық өзенінде - 400 тонна, теңізде - 320 тоннаға дейін балық аулауға лимит бөлінді.
Осылайша, кооперативке 10 жылға дейін балық шаруашылығын жүргізу мақсатында учаске қайта бекітілді.
Еске сала кетелік, 2021 жылы кооперативке ҚР СТ ИСО 22000-2006 ( НАССР) талаптарына сәйкес балық және балық өнімдерін өндіру, өткізу бойынша тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті жүйесі енгізілді.