RSS лента

Тәуелсіздік күніне 200 мың теңге төленетіні рас па?

  • 27.11.2023, 18:17,
  • 1 920
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ernur.kz

«Атырау облысы Исатай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2023 жылғы 3 қазандағы №154 Исатай ауданы әкімінің «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес хабарлама жасады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғаларға бір рет - 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде - әлеуметтік төлем төлену жоспарлануда. Осыған байланысты, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (тел.: 79-2-20, 87757924692) хабарласу сұралады» делінген хабарламада.

 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости