10 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке түскен кірістердің сомасы 15,5 трлн теңгені құрап, жоспар 98,3%-ке орындалған.
Республикалық бюджетке 10,5 трлн теңге, жергілікті бюджетке 5,1 трлн теңге қаражат түскен.
Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,2%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,4%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 97,2%-ке орындалған.