RSS лента

Қазақстанда спутниктік телевизия қымбаттады

  • 07.11.2023, 17:43,
  • 223
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ru.freepik.com

Қазақстанда спутниктік телевизия қызметі күрт қымбаттап кеткен, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Finprom.kz мәліметінше, спутниктік телевизия қызметі бір жылда 6,1% қымбаттап отыр. Бағаның ең көп өсімі Атырау (36,1%), Абай (19,6%) және Шығыс Қазақстан (17,4%) облыстарында байқалады.

 

Ал, керісінше, кабельдік қызмет бір жылда 3,3 пайызға арзандаған. Бірақ, еліміздің 20 өңірінің 12-де баға өзгермеген. Бағаның төмендеуі тек Алматы (10%) және Шығыс Қазақстан облысында (3,7%) ғана байқалып отыр. Ал, Павлодар, Жамбыл, Ұлытау, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында кабельдік телевизия қызметі қымбаттаған.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости