RSS лента

Қостанай облысындағы «Шевченковское» кен орны мемлекетке қайтарылды

  • 31.10.2023, 14:17,
  • 298
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com/quincecreative

Бұрынғы вице-министр Т. Тоқтабаевқа қатысты қылмыстық істі тергеу шеңберінде мемлекетке бірегей никель мен кобальт кен орнын қайтарылды, деп хабарлайды Turantimes.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасай отырып. 

Кен орнында никель (1,075 млн тонна) және кобальт (585,9 мың тонна) қоры бар. Пайдалы қазбалар қорларының құны 5,6 трлн теңгеден асады.


27 қазанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының Т. Тоқтабаевқа қатысты үкімі жарияланды. Ол пайдалы қазбалардың ірі қорлары бар кен орындарын онымен үлестес тұлғаларға беру кезінде ауыр зардаптарға әкеп соқтырған лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып 7 жылға бас бостандығынан айырылды.


Сонымен қатар, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан, «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасынан айырылып, қымбат мүліктері тәркіленді.
1. Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Көкшоқы ш/а мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесі;
2. Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Алматы бау-бақша серіктестігі мекенжайында орналасқан тұрғын үй;
3. 2021 жылы шыққан «Mercedes-Benz Maybach S580 4MATIC» маркалы авто;
4. 2021 жылы шыққан «Bentley Bentayga V8» маркалы авто.
5. Он үш коммерциялық ұйымның қатысу үлесі.


Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет активтерді қайтару бойынша жұмысты жалғастыруда.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости