RSS лента

Жарты тоннаға жуық "АИ-95" тасымалданбақ

  • 09.08.2023, 19:07,
  • 361
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

Мұнай өңдеу зауыттарынан жүктерді жеткізуге байланысты барлық өтініш 100% қамтамасыз етіліп келеді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Қазір Қазақстандағы магистральді автожолдар арқылы бензин тиелген 1 047 цистерна өңірлерге жеткізіліп жатыр. Олардың ішінде АИ-95 маркалы жағармайы бар цистернаның саны – 341. Барлық мұнай өнімі диспетчерлік бақылаумен белгіленген жылдамдықпен жеткізілмек.

 

Бензинді жеткізу жүк тасымалдаушы ұйым мәлімдеген жоспарларға сәйкес жүзеге асырылуда. Демек тасымалдаушы отынның қандай да бір түрін жөнелтуге әсер ете алмайды. Мұнай өңдеу зауыттарынан жүктерді тасымалдауға қатысты барлық өтініш 100%-ға қамтамасыз етілді.

 

Жоспар бойынша тамызда ішкі нарыққа АИ-95 маркілі бензиннің 369,7 мың тоннасы жеткізіледі. Тамыз айының алғашқы 7 күнінде оның 102,6 мың тоннасы немесе айлық жоспардың 27% тасымалданды.

 

Бұл ретте биыл тамыз айының басында бензин құю жоспары келесідей болды:

 

– Атырау МӨЗ бойынша – 125 цистерна, оның ішінде 21 цистерна АИ-95 бензині;

 

– Шымкент МӨЗ бойынша – 102 цистерна, оның ішінде бірде-бір АИ-95 вагоны қарастырылмаған;

 

– Павлодар МӨЗ бойынша – 80 цистерна, оның ішінде барлығы 20 цистернада АИ-95 бензині бар.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц