Бұл “Ашық НҚА” сайтында жарияланды. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетіні атап өтіледі.
Орта есеппен АИ-92 маркалы бензиннің бағасы литріне 6-7 теңгеге, дизель отыны 12-14 теңгеге өседі. АИ-95 маркалы бензин реттелетін тауарлар тізімінен алынып тасталды.
Әзірге оңтүстік өңірлердің тұрғындары дизель отынының тапшылығын сезінді.
Сонымен қатар, Орал жанармай құю бекеттеріндегі АИ-92 құны литріне 169-дан 175 теңгеге дейін өзгереді.