Қатысушылар Қашаған кен орнында жаңа жобаларды іске асыру, атап айтқанда қуаты 1 млрд м³ газ өңдеу зауытын салу мәселелерін талқылады. Қазіргі уақытта ол жерде құрылыс-монтаждау жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіліп отыр. Кәсіпорын 2025 жылы іске қосылады деп күтілуде.
Оған қоса кен орнында мұнай өндіру көлемін ұлғайту аясында қуаты 4 млрд м³ болатын тағы бір ірі газ зауытының құрылысы пысықталуда. Жобаны екі кезеңде, яғни 2 млрд м³-ден екі желі бойынша іске асыру жоспарлануда.
Премьер-Министр дайындық жұмыстарын жеделдетіп, жақын арада жаңа газ зауыты бойынша Жол картасына қол қою қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар кеңесте газ транзиті мен импортының кейбір мәселелері қаралды.