RSS лента

Жеңіл несиеден жұрт дәмелі...

  • 01.01.2023, 03:07,
  • 619
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

Жеңілдетілген автонесиенің револьверлік тетігі қаңтар айының ортасында іске қосылмақ, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Қазақстан Даму банкінің баспасөз қызметінің мәліметінше, орталықтандырылған бақылауды қамтамасыз ету мақсатында алдағы уақытта Қазақстанның Даму банкі ұсынған бағдарлама бойынша бір ғана қаражат операторын қалдыру жоспарланып жатқан көрінеді. Әзірге екінші деңгейлі банктер қатысып жатқан бағдарламаларда қолданыстағы несиелерді өтеуден алынған төлемдерді жинақтау процесі жүзеге асырылады. Екі бағдарлама бойынша жинақталған қаражат көлемі шамамен 13 млрд. теңгені құрайды. Бұл кемінде 1300 жаңа автонесие беруге мүмкіндік береді.


Алдағы уақытта револьверлік әдіспен жинақталған қаражатты бөлу ай сайын жүргізілмек екен. Елде 2015 жылдан бастап «Нұрлы жол» экономикалық саясаты арқылы отандық көліктерді жеңілдетілген несиемен беру басталған. Зор сұраныстың нәтижесінде, автоқұрастырушы зауыттар қоймаларында тұрған дайын көліктерін сатып, қалталарын қалыңдатты. Көп ұзамай мұндай автонесие беру шараларын Үкімет бірнеше рет, нақты бес рет қайталады. «Барлығында банктер де, көлік құрастырушылар да бөлінген қыруар қаржыны игерді» дейді экономистер. Кейін осы амал сәл мәселе туындаса тығырықтан шығарар жолдай көрініп, әдетке айналғандай ма? Қара халықтың бас-басына көлікпен жүргені жақсыау... Дегенмен, несиенің аты затына сай болып, жұртшылықтың үкілеген үмітін «үптеп» кетпей, сенімге селкеу салмаса игі. Оның үстіне, «жығылғынға – жұдырық» демекші, жеңілдетілген несиені күтіп жүргенде көлікт

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости