RSS лента

Жеңілдетілген автонесие алуға өтініш қабылдау тоқтатылды

  • 08.06.2022, 11:07,
  • 480
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Еуразия банк, Халық банкі және Банк ЦентрКредит жеңілдетілген автонесие алуға өтініш қабылдауды тоқтатты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Оған мемлекет тарапынан бөлінетін қаржының жоқтығы себеп болды.

 

«Барлығы 9 мыңға жуық өтініш қабылданды. Біздің банкте өтініштерді қабылдауды қайта бастаудың нақты мерзімі әлі белгісіз» деп атап өтті Еуразия банкінің баспасөз қызметі.

 

Банк басшылары өтініштер лимиті таусылғанын хабарлады. Сонымен қатар, ranking.kz сайтының мәліметінше, маусым айының басында 24,19 мың өтініш қабылданып, оның 9,84 мыңы 72,7 млрд теңгеге мақұлданған. Бағдарлама аясында қазақстандықтарға барлығы 1618 автокөлік берілді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости