Мұндай жолдарды қолдану құны кемінде 20 мың теңге болатын көрінеді. Бұл сома кейін тауар бағаысна қосылып, азық-түліктің қымбаттауына әкеледі.
«Айналма жолдар үшін, жеткізу мерзімін кешіктіргеніміз үшін қосымша ақша төлейміз. Жолдың сапасы нашар болған соң автөкөліктеріміз жиі бұзылады. Онымен қоймай сол жол үшін ақша төлеуіміз керек», — дейді транспорттық-логистикалық компанияның өкілі Талғат Ажанов.
Сондай-ақ кәсіпкерлер шетелден әкелінетін техниканы сертификаттау мәселесін де қозғады. Олар компанияларға қойылатын талаптардың тым жоғары, ал сертификат бағасының қымбаттығына наразы.
«Техниканың көбісін Еуропадан әкелеміз. Сосын оны «сертификаттаңдар» дейді. Қазақстанда шетелдік жүк көліктерін сертификаттайтын мамандар бар ма өзі? Сонда Еуропадан әкелінген техника мен отандық техниканың сапасы бірдей деген сөз бе? Бұл ақылға сыймайды ғой?!», — дейді кәсікпкерлердің бірі Кенжебек Бисенғалиев.
Әлі күнге шешімін таппаған тағы бір мәселе – Еуропадан әкелінетін тауарлардың елге жетпей қалуы. Логистикалық маршрутын үйреншікті Ресей арқылы салған тасымалдаушы компаниялар батыс елдерінің солтүстік көршімізге жариялаған санкцияларынан зардап шегіп отыр.
«Жылдың басында санкциялар қойылған кезде көптеген жол көлігінің кәсіпкерлері форс-мажорлық құжаттарды ала алмай қалды. Сол себептен заттары тұрып қалды. Нәтижесінде, келісімшартты үзуге тура келді», — дейді облыстық кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағының атқарушы директоры Рафхат Бозбалиев.
Атырау облысының Атырау облысының кәсіпкерлері мен жұмыс берушілер одағы аталған мәселелерді жыл соңына дейін шешу үшін жұмыстанатындарын айтты.