«Енді 3 жасқа дейінгі балалар үшін бұл сома 402 теңгеден 627 теңгеге дейін, 3 жастан 7 жасқа дейінгі балалар үшін 473 теңгеден 783 теңгеге дейін өседі. Мектептердегі балаларды бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз ету тарифі жаңа оқу жылының басында қайта қаралады» дейді А.Дүйсекенова.
Аймақтық кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Сүйінбаевтың айтуынша, Атырау облысы – 1-4 сынып оқушыларын ыстық тамақпен 100 пайыз қамтылғаны төрт өңірдің бірі. Алайда, күніне бір балаға бекітілген соманың мөлшері ең төмен мөлшерде қалып отыр. Қосымша құн салығынсыз есептегенде бір балаға күніне 267 теңге көлемінде белгіленген. Салыстыру үшін айттын болсақ, биылғы мамыр айының соңында Ақмола облысында бұл көрсеткіш 750 теңге, Жамбыл облысында – 450, көршілес Ақтөбе облысында 507 теңгені құрап отыр.