RSS лента

Жолдың шаңын басу үшін мұнай төгілгені рас па? (+видео)

  • 24.08.2021, 17:09,
  • 528
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Сәуле МАҒАУ

Атырауда айналма жолдың шаңын басу үшін су емес, мұнай қалдықтары төгілген болып шықты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Жақында ғана әлеуметтік желі арқылы тараған бейнежазбаны жіті зерттеген экология департаментінің қызметкерлері осылай дейді.

 

Енді олар кологиялық кодекстің «жерді пайдалану кезінде экологиялық талаптарды сақтамау» деген бабы бойынша материалдарды жинақтап, құқық қорғау органдарына жолдамақшы.

 

Еске сала кетсек, халықаралық Атырау-Астрахань трассасының Исатай ауданына қарасты аумағындағы айналма жолға құрамы күмән тудыратын сұйықтық төгілгендігі туралы ақпарат тараған болатын. Қазавтожол мекемесінің басшылығы мердігер компанияның бұл ісін Нарын, Бақсай каналдарындағы су мөлшерінің азаюына байланысты қажетті суды Таңдай ауылының тұсындағы шұңқырдан алуға тура келді деп түсіндірген болатын.




Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости