RSS лента

Қазақстанда ұн тапшылығы бар ма?

  • 01.06.2022, 21:48,
  • 582
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Министр әлемде бидайдың қымбаттауы байқалғанын растады. Алайда Қазақстанда бидай қорын жасақтаған «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» бар деді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Біз қазір арзандатылған астықты әлеуметтік нан үшін аймақтарға жіберуді қамтамасыз етіп жатырмыз. Сондықтан баға тұрақты болады. Нанның қымбаттауы үшін ешқандай алғышарттар жоқ, болмады және болмайды да», — деді Ербол Қарашөкеев. 


Ауыл шаруашылығы министрінің айтуынша, 15 маусымға дейін ұн мен бидайды елден шығару үшін квота бар. Сондықтан нарықтағы жағдай тұрақты, келесі астық түсіміне дейін қор жеткілікті. Ербол Қарашөкеев ұн тапшылығы елде болмайтынын айтып өтті.


Дүниежүзілік банк болжамына сәйкес, биыл бидай бағасы 40%-ға дейін өсіп, тарихи рекордты жаңартуы мүмкін. Украина мен Ресей арасындағы қақтығыс салдарынан ауыл шаруашылығы өнімдері кем дегенде 20%-ға қымбаттайды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости