RSS лента

Қант экспортына тыйым салынды

  • 14.05.2022, 02:34,
  • 490
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Қазақстанда қанттың экспортына уақытша тыйым салды. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев бұл туралы бұйрыққа қол қойды. Құжат 23 мамырдан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«ҚР шекарасынан 6 айға қант пен шикі қантты шығаруға тыйым салынады» делінген бұйрықта.

Айта кетелік, наурыз айында еліміздегі көп қалада қанттың бағасы қымбаттаған болатын. Оған себеп нарықтағы ажиотаж, яғни халықтың сұранысы түрткі болды дейді Сауда және интеграция министрлігінің комитет төрағасы. Сарапшылар Қазақстандағы қанттың бағасы бір жылда 15%-ға қымбаттағанын айтады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости