RSS лента

Жалдамалы пәтер ақысын субсидиялау мамырда басталады

  • 25.02.2022, 01:56,
  • 799
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Әлеуметтік аз қамтылған топқа жататын жандарға пәтерақының 50 пайызын төлеу мамыр айында басталады. Нұр отандықтар кеше осы бағдарламаның шарттары мен үміткерлерге қойылатын талаптарды нақтылады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Аталмыш мемлекеттік қолдауға 4 санатқа жататын қазақстандықтар: 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған және көп балалы отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар ие болады. Жобаны Атырау облысында жүзеге асыру үшін 2 млрд тг бөлінеді деп жоспарлануда. Оның 1 млрд 700 миллион теңгесі республикалық бюджет қаражаты. Жобаға қатысу үшін otbasybank.kz сайтына тіркеліп, онда көрсетілген құжаттарды жинақтау керек. Болжам бойынша бағдарламаға 2800 атыраулық отбасы қатыса алады. Тарифтік ставка сомасына байланысты да шектеулер бар.


Әр өңір бойынша өзінің арендалық тарифтері белгіленді. Ең көбі бізде 170 мыңның айналасында. Ол енді 6 және одан да көп балалары бар азаматтар. 5 және одан жоғарыларға 130 мыңның айналасында. Ал 3 отбасыдан тұратын азаматтар болатын болса, ол 86 мыңның айналасындаСоның жартысын төлейді. Бұл жерде механизм жариялы түрде болады. Жалға беруші өзінің жеке кабинетінде жарты қаражатын саладысо ларқылы, счет арқылы, өзінің жалға алған пәтері бойынша, сонда үстіне Отбасы банк жарты қаражатын үстіне қосып, әрі қарай төлейтін болады, — деді «Отбасы Банк» АҚ АОФ директоры Нұрбол Құрман.

Ал жалға алатын пәтерді әркім өзі іздеп табады. 3-4 адамнан тұратын отбасының пәтерінің ауданы 40, 4-5 адамнан құралған отбасы үшін 60, ал 6 және одан да көп адамы бар отбасының жалдайтын үйі 80 шаршы метрден аспауы тиіс деген шектеу тағы бар. Егер үйдің ауданы шектен асып кетіп жатса, айырмашылықты жалға алушының өзі төлейді. Мамандар бағдарламаның талаптарға сай жүзеге асуын мұқият қадағалаймыз деп отыр.

Атырау облысы энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы өз тарапынан бұл тұрғын үй субсидиялау мәселесі қалай беріліп жатырғаны жөнінде қала және аудан әкімдіктеріне тапсырма беріп, заңды түрде сол тұрғындар сол үйде тұрып жатырғандығы жөнінде анықтап, басқа да бұзушылықтар анықталған жағдайда Отбасы банк мекемесіне келісімшартты бұзу жөнінде хат жолданатын болады, — деді Атырау облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары Данияр Мұқышев.

Еске сала кетейік, мемлекеттік көмекке отбасының соңғы 6 айдағы жиынтық табысы әр адамға шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен, яғни 36 018 теңгеден аспайтындар ғана үміткер бола алады. Наурыз және сәуір айларында мамандар аудандарды аралап, жалға алған пәтерлерді субсидиялауға қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізбек.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости