RSS лента

Әйелін ұрып өлтірген атыраулық он жылға сотталды

  • 24.12.2025, 09:31,
  • 41
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ЖИ көмегімен жасалған

Атырауда жұбайын өлтіргенге қатысты сот үкім шығарды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өзінің жұбайын өлтіргені үшін айыпталған К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-тің 99-бабының 1-бөлігі).

 

К. Атырау қаласындағы тұрғылықты мекен жайында жұбайы Т.-мен бірге спирттік ішімдік ішкен. Қызғаныш негізінде сотталушы жәбірленушінің денесінің әр түрлі бөліктеріне соққы жасап, нәтижесінде соңғысы қайтыс болған.

 

Прокурор сотталушыға 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші оған айып тағылған баптың санкциясы шегінде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Қорғаушы тарап сотталушының жұбайын өлтіруге ниетінің жоқтығына сілтеме жасай отырып, оның іс-әрекетін жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру ретінде саралауды сұрады (ҚК-тің 106-бабының 3-бөлігі).

 

Сотталушы К.-ның кінәсі сот отырысында зерттелген дәлелдемелердің жиынтығымен: жәбірленушінің және куәлардың айғақтарымен, тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен толық дәлелденді. Сот жаза тағайындау барысында қылмыстық жауаптылық пен жазаныжеңілдететін мән-жағдайларды ескерді: жасаған әрекетіне шын жүректен өкінуі, кінәсін мойындауы, бұрын сотты болмауы. Қылмыстық құқық бұзушылықты алкогольдік масаң күйде жасауы ауырлататын мән-жай ретінде танылды. Сот үкімімен К. ҚК-тің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, жаза  өтеу  орны ретінде қылмыстық атқару  жүйесінің қауіпсіздігі  орташа  мекемесі белгіленді. Сот үкімі заңды  күшіне енген жоқ. Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц