RSS лента

Бес жасар баланы ұрған тәрбиешіге үкім шықты

  • 12.02.2025, 09:20,
  • 45
  • 0
  • Автор:
Автор фото: бейнежазбадан скриншот

Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамай, кәмелетке толмаған адамға қатыгездік танытқаны үшін айыпталғанға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-тің 140-бабының 2-бөлігі) , деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Жеке балабақша тәрбиешісі сабақ барысында 5 жасар тәрбиеленушіні ұрып, нәтижесінде ол жарақат алған. Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша баланың оң жақ санында көгеру анықталған. Сотталушының кінәсі өзінің айыбын толық мойындауымен қатар, жинақталған дәлелдермен толық дәлелденді, олар сотта зерттелді.

 

Прокурор сотталушыға белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 3 жыл мерзімге айыра отырып, 80 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы және оның қорғаушысы кінәларын толық мойындап, кешірім сұрап, қатаң жаза тағайындамауды сұрады. Жәбірленуші тарап сотталушыға жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

 

ҚК-тің 140-бабының 2-бөлігінің санкциясында белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, 160 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 160 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тарту не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу түріндегі жаза көзделген. Сот сотталушымен жасалған қылмыстық теріс қылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, оның жеке басын, отбасылық жағдайын, тұрақты табыс көзі барын, қылмыстық теріс қылық әрекетті алғаш рет жасауын ескерді. Кінәсін мойындауы, шын жүректен өкiнуі жазасы мен жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайларға жатқызылды, ауырлататын мән-жайлар анықталмады. Сотталушы ҚК-тің 140-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан 1 жыл мерзімге айыра отырып, 80 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (314 560 теңге) айыппұл жазасы тағайындалды.

 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости