Зардап шеккен қарт адамдар басқа адамдардан қоңырау шалып, өздерін полиция қызметкеріміз деп таныстырып, туыстарының жол апатына ұшырағанын хабарлаған. Жәбірленушілерді емдеу мәселесін шешу және зардап шеккендердің туыстарын қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін ақша талап еткен. Жәбірленушілер бөтен адамның қылмыстық ниетінен күдіктенбей немесе болжамай, оның пікірінше, оның дәлелді дәлелдеріне байланысты адал адасу жағдайында болуы, күйзеліс жағдайында болуы, туыстарына көмектескісі келетіні салдарынан сотталушы арқылы 900 мың теңгеден 5,5 млн. теңгеге дейін берген.
Сотталушы оның бір бөлігін өзіне қалдырып, қалғанын басқа тұлғалардың есепшотына жіберген. Сондай-ақ, сотталушы 193,06 грамм көлемінде психотроптық заттарды өткізу мақсатында өз бетінше және тұрғылықты жерінде заңсыз иемденіп, сақтаған (ерекше ірі өлшем). Сотталушының кінәсі сотталушының мойындауымен, сондай-ақ жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен және қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді.
Прокурор төмендегідей жаза тағайындауды сұрады:
- ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі, 190-бабының 3-бөлігінің 1,4) тармақтары бойынша 3 жыл 5 айға бас бостандығынан айыру;
- ҚК-нің 297-бабы, 3-бөлігі, 1, 3, 5-тармақтары бойынша 7 жыл 5 айға бас бостандығынан айыру, ең соңында - 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру.
Қорғаушы тарап ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі, 190-баптың 3-бөлігінің 1,4-тармақтары бойынша, оның әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтауды, ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінің 1,3,5-тармақтарын ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі бойынша қайта саралауды сұрады.
Сот жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәсін ішінара мойындауын және сотталушының жасы кәмелетке толмағанын ескерді. Ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.
Сотталушы төмендегідей баптар бойынша кінәлі деп танылды:
- адамдар тобының алдын ала сөз байласу арқылы ірі мөлшерде алдау жолымен жасалған алаяқтыққа бірнеше рет қатысу (ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі, 190-бабының 3-бөлігінің 1,4-тармақтары);
- алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы жасаған психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз иемдену (ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі 1,3,5-тармақтары).
Қылмыстардың мән-жайын және олардың ауырлығын ескере отырып, сот сотталушыға төмендегідей үкім шығарды:
- ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі, 190-бабының 3-бөлігі, 1,4-тармақтары бойынша - 4 жылға бас бостандығынан айыру;
- ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі, 1, 3, 5-тармақтары бойынша - 7 жыл 5 айға бас бостандығынан айыру.
Нақты – 7 жыл 5 айға дейін бас бостандығынан айыру. Үкім заңды күшіне енген жоқ.