RSS лента

Темекіге бола кісі өлтірген бе?

  • 03.12.2025, 16:11,
  • 51
  • 0
  • Автор:
Автор фото: freepik.com

Қайғылы оқиға Ақтөбеде орын алған, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотынан білгеніміздей, алқабилердің қатысуымен бұзақылық ниетпен адам өлтіру фактісі бойынша сотталушы «К»-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігі, 9)-тармағы). Жәбірленуші «М» саябақта болған кезде, өтіп бара жатқан сотталушы «К»-дан темекі сұраған. Сотталушы «К» оған дөрекі жауап қайтарып, екеуінің арасында келіспеушілік пайда болған. Сол кезде, сотталушы «К» қалтасынан пышақ шығарып, 6 соққы жасаған. Нәтижесінде, жәбірленуші ауруханада қайтыс болған.

 

Сотталушының кінәсі өзінің ішінара мойындауымен қатар, жәбірленуші өкілі мен куәнің жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен, бейнебақылау камерасындағы жазбалармен және де басқа заттай дәлелдемелермен дәлелденді.

 

Сотталушыға жаза тағайындау барысында сот, ҚК-тің 53-бабының талаптарына сәйкес, қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның жас балаларының болуын ескерді. Ауырлататын мән-жайлар ретінде қылмыстың қауіпті қайталануын таныды. Алқабилердің кесімімен сотталушы «К» ҚК-тің 99-бабының 2-бөлігі, 9)-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған түпкілікті 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости