Атырау қаласының №2 сотында адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен қоғамды оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкерлеріне қатысты олардың қызметтік жұмысын жүзеге асыруына байланысты күш қолдану қатерін төндіру фактісі (ҚК-нің 429-бабының 3-бөлігі) бойынша Т., К., У.-ге қатысты және осындай әрекет жасауға азғыру фактісі (ҚК-нің 28-бабының 4-бөлігі, 429-бабының 3-бөлігі) бойынша И.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотталушылар Т., К., У., И. Атырау қаласындағы №75 мекемесінде күзетпен ұсталып отырған өздерінің таныстарының мүддесін қолдап, оларға қатысты қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкерлерімен қолданылып жүрген режимдік шараларын тоқтату мақсатында, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, 2024 жылғы 18-23 ақпан аралығында өздерінің ортақ пайдаланатын әлеуметтік чатта аталған мекеме қызметкерлері Қ. мен Р.-ға қатысты күш қолдану қатерін төндіруді ұйымдастыру туралы хабарламалар жазған. Соның ішінде сотталушы И. өздерінің ортақ пайдаланатын әлеуметтік чатта қалған сотталушыларды қоғамды оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкерлеріне қатысты олардың қызметтік жұмысын жүзеге асыруына байланысты күш қолдану қатерін төндіру әрекетін жасауға азғыру сөздерін жазып, нәтижесінде 2024 жылғы 23 ақпанда сағат түнгі 23.00 шамасында сотталушылар Т., К., У. №75 мекемесінің күзет және режим бөлімінің бастығы Қ. жанұя мүшелерімен тұрып жатқан мекен-жайды алдын ала біліп алып, көлікпен сол мекен-жайға барып, жәбірленуші Қ.-ға сыртқа шығуын бұйырған. Сол уақытта жәбірленуші Қ.-ның шақыруымен оқиға орнына келген №75 мекемесінің күзет және режим бөлімінің бастығының орынбасары Р. екеуіне сотталушылар Т., К., У. №75 мекемесінде күзетпен ұсталып отырған өздерінің таныстарына қатысты режимдік іс-шараларды тоқтату туралы заңсыз талаптарын қойып, жәбірленушілерге психологиялық қысымшылық жасай отырып, қоғамды оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкерлері болып табылатын жәбірленушілерге қатысты олардың қызметтік жұмысын жүзеге асыруына байланысты күш қолдану қатерін төндірген.
Прокурор сотталушылар Т., К., У.- ға 8 жыл 6 ай мерзімге, И.-ге ҚК-нің 55-бабы 2-бөлігінің 2) тармағын қолданып, 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленушілер прокурордың позициясымен келісті. Сотталушылар өздерінің әрекеттері қылмыс екенін білмегендерін айтып, бас бостандықтарынан айырмауды сұрады. Қорғаушылар сотталушылардың әрекеттерін дұрыс саралауды немесе ақтауды, қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.
Сотпен жаза тағайындау барысында сотталушылар Т., К., У.-дің қылмыстық жауаптылығы пен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталмады. Сотталушы И.-дің жас балаларының болуы - оның жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде танылды. Ауырлататын мән-жайлар анықталмады. Сотталушылар Т., К., У. ҚК-тің 429-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, әрқайсысына 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушы И. ҚК-тің 28-бабының 4-бөлігі, 429-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, жазасын жеңілдететін мән-жайдың болуы, ауырлататын мән-жайдың болмауы ескеріліп, ҚК-тің 55-бабының 2-бөлігінің 2) тармағы қолданылып, санкцияда көзделген жазадан төмен 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.