RSS лента

АМӨЗ экс-директорынан 2 млрд теңге өндірілді

  • 21.11.2024, 14:04,
  • 67
  • 0
  • Автор:
Автор фото: kmg.kz

Сот мемлекеттік функцияларды тиісінше орындамағаны үшін кінәліден 2 млрд теңге залал өндірді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Атырау қаласының №2 сотында өз уәкілеттіктерін тиісінше орындамаған «АМӨЗ» ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-тің 371-бабының 2-бөлігі).

 

Сотталушы мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген тұлға бола тұра, жүйелердің тиімді жұмыс істеуі және өндірістік мәселелер бойынша шешімдер қабылдау жөніндегі заң және кәсіпорын жарғысының талаптарының орындалуын қамтамасыз етпей, мердігер-ЖШС кепілдік міндеттемелері шеңберінде жылу алмастырғышты жөндеуге шаралар қабылдау мүмкіндігіне ие бола тұра, жөндеу жұмыстарын жүргізуге сатып алу туралы тендер жариялаған. Нәтижесінде жылу алмастырғышты жөндеуге шамамен 2 млрд. теңге негізсіз қаражат бөлінген.

 

ҚК-тің 11-бабының 2-бөлігіне сәйкес, ҚК-тің 371-бабының 2-бөлігінде көзделген әрекет онша ауыр емес қылмыс болып табылады. ҚК-тің 71-бабының 1-бөлігіне сәйкес, егер онша ауыр емес қылмыс жасалған күннен бастап екі жыл өтсе, тұлға қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Қылмыстық жауапкершілікке тартудың мерзімі өтіп кеткен. Осыған байланысты, сотталушы ҚК-тің 371-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, ҚК-тің 71-бабының 1-бөлігі негізінде ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды.  Сондай-ақ, одан мемлекет пайдасына шамамен 2 млрд теңге залал өндірілді.

 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости