RSS лента

Атыраудағы шекара бөлімінде не болған?

  • 31.08.2024, 14:25,
  • 309
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Атырау облысында 5576 шекара бөлімінде шақырылған әскери қызметші қашып кетті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Дереккөздің айтуынша, Атырау облысы Исатай ауданында орналасқан 5575 әскери бөлімінен әскерге шақырылған азамат қашып кеткен. Кейін оны Атырау облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік департаментіне қарасты шекара қызметінің қызметкерлері ұстады. Бұл туралы «atyrauoill» телеграм каналы жазады.

 

«Сарбаз ұсталды. Қашудың себебі анықталуда, бірақ оның “дедовщинаға” қатысы жоқ» деді дереккөз.

 

Естеріңізге сала кетейік, бұл шекара бекеті 2018 жылдың желтоқсан айында ашылған болатын. Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен шекарашылар үшін 50 орындық модульдік ғимарат салынғаны хабарланды. Шекара бөлігіне қазақтың атақты халық батыры Исатай Таймановтың есімі берілді.

 

Бұған дейін жаңа шекара заставасының орнында Жанбай бекетін техникалық бақылауға арналған радиолокациялық станция болған.

 

Сондай-ақ, осы жылдың мамыр айында Атырау гарнизонында мерзімді әскери қызметші қару алып қашып кетті. Әскери бөлім қызметкерлерінің өздері де, полицейлер де қашқынды ұстауға әрекеттенген. Бірақ ол қару қолданғаннан кейін «Арлан» арнайы жасағы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерін тартуға тура келді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости