RSS лента

Маңғыстауда сегіз жасар бала қызметке қабылданды

  • 25.10.2021, 20:27,
  • 472
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

«Жас шекарашы» әскери-патриоттық үйірмесінің ең жас қатысушысы Ұлан Төлеухан Маңғыстау облысының «Сардар» шекаралық кемесінің жаңа бейресми мүшесі атанды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Ұлан сегіз жаста, орта мектептің үшінші сыныбында оқиды. Алайда жасына қарамастан, ол қазірдің өзінде шекара қызметінің үздігі.

 

«Маған матростар, теңіз мен кемелер өте ұнайды. Мен теңізшілермен бірге осымен үшінші рет кемеде жүрмін. Менің достарым да бар, олар да теңізші болғысы келеді. Оларға менің киімім ұнайды, менен «теңізде не болып жатыр?» деп сұрайды» дейді оқушы.

 

Жеткіншек болашақта шекарада қызмет етуді жоспарлапты. Айтуынша, теңізшілер Қазақстанның теңіз шекарасын қорғап қана қоймай, браконьерлерді аулап, Каспий теңізінде мекендейтін жан-жануарларды құтқарады.

 

«Мен ұлымды, оның әскери қызметке деген қызығушылығын, алғашқы негіздерді үйрене бастағанын мақтан тұтамын. Балалар оған қарап, форма киіп, сапқа тұрып, теңізде қызмет етуді қалайды. Өйткені бұл үлгі болатындай дүние, балалардың өздері де жастайынан осы мамандыққа қызығады» деп түсіндірді оның әкесі, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің аға офицері Ерсін Кайбуллин.



 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости