2023 жылғы 18 мамырда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері Меркі ауданының «Кеңес» шекара бөлімшесінің аумағында Қазақстан Республикасына 43 мың қорап темекі өнімін заңсыз алып өту әрекетінің жолын кесті.
Министрліктің айтуынша, тауар бағасы 25 млн астам теңгені құрайды.
Анықталған тауар процессуалдық шешім қабылдау үшін Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды.