Атырау қаласындағы Элеваторная көшесінде жеңіл көлік тепловозға соқтығысты. Қатты соққыдан «Toyota Camry» көлігінің быт-шыты шықты. Абырой болғанда зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Облыстық полиция департаментінен білгеніміздей, әзірге оқиғаның қалай болғаны анықталуда. Қажетті құжаттар жинақталып жатыр.

