Комбинатская стансасына кіріп келе жатқан 17 вагондық пойыз аялдап тұрған 20 вагондық пойызбен соқтығысты. Абырой болғанда, зардап шегушілер жоқ. Қақтығыстың неден болғаны азірге анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша пойыздардың бірінде тежегіш жүйесі істен шыққан болуы мүмкін.