Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл мәліметті растады. Небәрі 29 жастағы келіншек 5 желтоқсан күні «жедел фарингит» диагнозымен жергілікті ауруханаға түскені белгілі болып отыр. Бірақ, келесі күні-ақ жансақтау бөлімінде қайтыс болыпты. Артында жұбайы мен бір жасар тұңғышы қалған. Енді тергеу амалдары жүргізілуде. Анық-қанығы содан кейін белгілі болмақ.