Себебі, олардың кейбірі тәулік бойы жабық тұрады Ал, көшеде қайда барып дәрет сындырарын білмеген жұрт сауда орындарының ақылы әжетханасын пайдалануға мәжбүр. Мәселен, орталық алаң, Қ.Смағұлов атындағы бульвар мен Авангард мөлтекауданының соңғы аялдамасындағы әжетханалар жұмыс жасап тұр. Ішіне кәріз жүйесі де жүргізілген, қағаз бен басқа да қажеттіліктері бар. Алайда, халық көп жүретін Жайық жағалауындағы әжетханалардың есігі жабық тұр. Жастар саябағында демалып жүрген көпшілік мұны әлеуметтік желіде де жиі жазып жүр.
Жергілікті әкімдіктен білгеніміздей, қалада соындай тоғыз әжетхана бар екен. Оның үшеуі сенімгерлік басқаруға берілген, яғни, кәсіпкерлерге сеніп тапсырылған. Іші-сырты мұнтаздай тап-таза. Бірақ, оларға кіру үшін 50 теңге төлейсіз. Ал, қалғанына «Арнаулы автобаза» кәсіпорны жауапты.
«Әлемнің қай еліне барсаңыз да, орталық алаң, саябақ, метро секілді көпшілік орындарда міндетті түрде әжетхана болады. Бұл – қалыпты жағдай. Олардың түстеріне дейін айналасына байланысты таңдап алынған. Ал, бізде олар бірыңғай сұр түске боялған. Яғни, қоршаған ортамен ешқандай үйлесімдік жоқ дейді» атыраулық белсенді Руслан Хамза.
Алдағы жылдары жаңа әжетхана әкімдіктің жоспарында жоқ екенін білдік. Бірақ, Жастар саябағында тұрған нысан орталық кәріз жүйесі жүргізілген аумаққа көшірілетін болады. Тағы біреуі Салтанат сарайы маңына көшіріліп те қойған екен.
«Әжетханалар таңғы сағат 9-23.00 аралығында ашық тұрады. Тұрғындардың шағымдары күнделікті телеграмм-канал арқылы қабылданып отырады. Біз ешкімнің де арызын жауапсыз қалдырмаймыз» деп сендірді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Бақтияр Хамидуллаев.