RSS лента

E-Gov арқылы артық төленген ақшаны қайтаруға болады

  • 04.08.2023, 19:24,
  • 549
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

E-Gov арқылы артық төленген әлеуметтік аударымдар мен қате аударылған МЗЖ қайтаруға өтінім беруге болады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп «Электрондық үкімет» порталы арқылы «Әлеуметтік аударымдарды уақытылы немесе толық төлемегені үшін артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және өсімпұлдарды қайтару» және «Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының және өсімпұлдың сомасын қайтару» қызметтеріне өтінім беру мүмкіндігін іске асырды.

 

Бұрын әлеуметтік аударымдарды немесе зейнетақы жарналарын төлеушілер төлемдер кезінде жіберілген қателіктерді түзету үшін Мемлекеттік корпорацияның әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру қызметін үйлестіру жөніндегі орталық филиалының кеңсесіне немесе оның аймақтық филиалдарының бэк-офистеріне жүгінуге мәжбүр болатын.

 

Бұл ретте қате аударылған сомаларды қайтаруға өтініштерді қабылдау тек қағаз жеткізгіште атқарылса, ал оларды қарауды Әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру қызметін үйлестіру жөніндегі орталық филиал жүзеге асырды. Басқа өңірлерден өтініштер «Қазпошта» АҚ немесе курьерлік қызметтер арқылы жеткізілді.

 

E-Gov арқылы өтінім қалдыру мүмкіндігінің пайда болуы бұл процесті айтарлықтай жеңілдетіп, қызметтерді алу уақытын қысқартады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости