Халыққа ұсынылатын әуендердің ішінде Чайковский, Вивальди, Моцарт секілді әлем классиктерінен бөлек, Құрманғазы, Дина, Дәулеткерейдің шығармалары бар. Бірақ биліктегілердің жаңашыл идеясы ақтаулықтардың бәріне бірдей ұнамаған сыңайлы.
Қала әкімдігі шаһарды абаттандыру жобаларын жүзеге асыру үшін былтыр 40 млн теңге жұмсады. Бұл әлеуметтік желіде барынша талқыланып, кейін тұрғындар тарапынан сынға ұшыраған еді. Желі қолданушылары енді көшедегі музыка жобасына да күмәнмен қарап отыр. Олар көлік жиі жүретін жолдарда орналастырылған дауыс зорайтқыштардың дұрыс бекітілгеніне сенімсіз. Айтқандай, жуықта олардың ірі істен шығыпты.
"Өздеріңіз білесіздер бұған дейін жағалау бойындағы шамдарды сындырып кетті. Дауыс ұлғайтқыштардың да жерге түсіп қалғаны болды. Бірақ мұндай сирек кездеседі. Оған қатты соққан жел әсе еткен болу керек" дейді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Әбілхайыр Байпақов.
Бұған дейін тұрғындар әуеннің ертеңгілік және кешке ойнатылатынына шағымданған еді. Мұны «техникалық ақау» деген әкімдік қызметкерлері музыка енді тек кешкі уақытта қойылады деп уәде етті.