«Осыдан бес жыл бұрын жүргізілген тұрбалардан ақау анықталып, жөнделіп жатыр. Қазір төрт үйде жылу уақытша тоқтатылды. Атап айтқанда, бұлар – №10, 11, 12 және 13 үйлер. Атырау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі, жылу жүйелері және басқа да жауапты құрылымдар бірлесе жұмыс жасауда. Төрт су сорукөлігі мен бір манипулятор жұмылдырылды» дейді Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.
*Сіз не дейсіз?
Рита Жайғалиқызы, «Нұрсая» («Болашақ) ықшамауданының №46 үй тұрғыны:
– Кешеден бері жылу да, ыстық су да жоқ. «Қазандық ауыстырылып жатыр» деген хабарлама келді. Бұл жұмыстар жазда неге жасалмады? «Қыстың қамын жаз ойла» деп бекер айтылмаған ғой. Бұл атүсті қарайтын мәселе емес. Әбден күн салқындаған кезде қазандық ауыстыру дұрыс па? Үйдің іші өте суық. Балаларымыз ауырып жатыр. Қарапайым жылу мәселесін алдын ала шеше алмасақ, коронавирустық инфекциядан қалай қорғанамыз?