"Мұнайлы астанада" су тоқтатылады
- 13.09.2020, 23:07,
- 1 186
- 0
- Автор:
Сәуле МАҒАУ
Автор фото: Әлеуметтік желі
"Атырау жылу жүйелері" АҚ күрделі жөндеу жоспарлы кестесіне байланысты қала аумағын ыстық сумен қамту жұмысы уақытша тоқтатылады. Осылайша, атыраулықтар екі апта бойына сусыз қалмақ, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.
"2020 жылдың 16 қыркүйегі мен 27 қыркүйегі аралығында магистральды жылу жүйелерінің жұмысы уақытша тоқтатылады. Сондай-ақ, 29-30 қыркүйек күндері магистральды жылу жүйелерін сынақтан өткізу жұмыстары жасалмақ" делінген аталған мекеменің ресми сайтында.