RSS лента

Атырауда орталық көшелер жабылып, су және жарық пен жылу ажыратылады

  • 12.06.2020, 11:58,
  • 758
  • 0
  • Автор:

Өйткені, 14 маусым мен 18 шілде аралығында «Sarens Kazakhstan» серіктестігіндегі бес ірі габаритті технологиялық жабдық «АтырауӨзен» портынан Қарабатан ауылының маңындағы газ-химиялық зауыттың құрылыс алаңына жеткізілмек, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Нақтырақ айтқанда, ірі жүк 14, 21, 28 маусым және 5,12,19 шілде күндері тасымалданады. Жүк тиеген көлік Балықшы ықшамауданындағы Қожақаев көшесі мен Азаттық даңғылы, С.Датов, Элеватор, Қабдолов көшелері арқылы Бірлік ықшамауданына өтіп, «Атырау-Доссор» тасжолына бағыт алады.

 


 
Осыған орай, жүк көлігіне кедергі келтірмес үшін аталған көшелердегі кейбір бағдаршам немесе өзге де бағаналар алынын тасталады. Сондай-ақ, тасымал уақытында көрсетілген көше жолдары уакытша жабылады. Ыстық су және жылу желісі мен электр энергиясы ажыратылады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости