Сол секілді, анықталған орындарды пайдалану тәртібі мен қатысушылар саны бойынша да белгілі бір нормалар бекітілді.
Сонымен...
Нұр-Сұлтанда белгіленген орындар:
- Пушкин көшесі мен Құдайбердіұлы даңғылы қиылысындағы саябақ, аумағы – 4 380 шаршы метр, 1 000 адам;
- "Столичный" циркі жанындағы алаң, аумағы – 2 064 шаршы метр, 1 000 адам;
- Жеңіс, Абай даңғылы, Бигелдинов және Желтоқсан көшелері төрбұрышындағы жазғы алаң, аумағы – 1 695 шаршы метр, 500 адам;
Жазушылар аллеясынан (Абай даңғылынан Сембинов көшесіне дейін) бастап, саябаққа (Құдайбердіұлы даңғылынан Пушкин көшесіне дейін) дейінгі аралық, аумағы – 2 055 шаршы метр, 1 000 адам.
Алматыда белгіленген орындар:
- Махатма Ганди атындағы саябақ – 200 адам;
- "Сары Арқа" кинотеатрының артындағы гүлзар – 500 адам;
- "Шоқан Уәлиханов" атындағы гүлзар – 1 000 адам;
Шевченко көшесіндегі "Шоқан Уәлиханов" атындағы гүлзардан Махатма Ганди атындағы саябаққа дейінгі (шеруге және демонстрацияға арналған) бағыт – 1 000 адам.
Бейбіт жиналыстар мен шерулерді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі:
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын – Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты бейбіт жиналыстар өткізу үшін айқындаған жалпыға ортақ пайдаланылатын орын немесе жүру маршруты.
Бейбіт жиналыс – сипатына қарай бейбіт, күш қолданылмайтын және қаруланбайтын, мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, халықтың имандылығын, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделеріне қатер төндірмейтін, Қазақстан Республикасының азаматтары жиналыс, митинг пен демонстрация, шеру мен пикеттеу нысанында өткізетін жария іс-шара.
Шеру – қоғамдық маңызы бар мәселелер және (немесе) адамдардың және (немесе) органдардың, ұйымдардың әрекеттері (әрекетсіздігі) бойынша пікірін жария білдіру мақсатында Қазақстан Республикасы азаматының немесе азаматтары тобының көлік құралдарын пайдаланбай белгілі бір уақытта, белгілі бір маршрут бойынша жүріп өтуі, бұл дыбыс күшейткіш техникалық құралдар, плакаттар, транспаранттар және өзге де көрнекі үгіттеу құралдары пайдаланыла отырып немесе онсыз, талаптар қойыла отырып немесе онсыз жүзеге асырылады.
«Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі өкілі хабарлама/өтініш бойынша оң шешім қабылданған кезде, бейбіт жиналыстың/шерудің ұйымдастырушысымен бір күн бұрын іс-шараны өткізу ережесін келесі сұрақтар бойынша келісу үшін арнайы орынға барады:
- бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылардың айрықша белгісі;
- периметрі және өткізу орнының материалдық-техникалық сипаттамасымен танысу мен анықтау үшін;
- бейбіт жиналыстар кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дыбыс күшейткіш техникалық құралдар, көлік құралдары, плакаттар, транспаранттар және өзге де көрнекі үгіттеу құралдары және осы Заңда көрсетілген құралдарды пайдалану туралы;
- бейбіт жиналыстар өткізу кезінде аудиовизуалды техника құралдарын пайдалануға, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасауды;
- Жазушылар аллеясынан (Абай даң. – Ә.Сембинов көш.) бастап, саябаққа (Ш.Құдайбердіұлы даң. – А.Пушкин көш.) дейінгі шеру бағытымен танысу.
Бейбіт жиналыс өткізу күні ұйымдастырушы және оған қатысушылар:
- өтініште көрсетілген мерзім аралығында мамандандырылған орынның аумағында орналасады;
- ғимараттардың, құрылысжайлардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
- санитарлық нормалар мен қауіпсіздік ережелерін сақтап, Қазақстан Республикасының қоғамдық тәртіпті сақтау туралы заңнамасын сақтайды;
- бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгісін тағып жүреді.
Пикеттеу өткізу ережесі
Пикеттеу – қоғамдық маңызы бар мәселелер және/немесе адамдардың және/немесе органдардың, ұйымдардың әрекеттері
/әрекетсіздігі бойынша пікірін жария білдіру.
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынады:
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының резиденцияларына іргелес жатқан аумақтарда;
5) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
6) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
7) ТҚО объектілердің іргелес аумақтарында.
Рұқсат етіледі:
- бір азаматың белгілі бір жерде жіне статиқалық түрде болуы(қозғалыссыз);
- плакаттар, транспаранттар және өзге де көрнекі үгіттеу құралдары пайдалану;
- пикеттеу ұзақтығы (бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда), дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне екі сағаттан аспауға тиіс.
Рұқсат етілмейді:
- бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан көп пикет өткізуге жол берілмейді;
- дыбыс күшейткіш техникалық құралдар пайдалануға;
- пикеттеу жасауға тыйым салынған объектілердің іргелес аумақтарынан 350 метр қашықтықта пикеттеу жасауға.