Әр спектакльді қою үшін актерлер, режиссерлер, жазушылар, костюмерлер, гримерлер, жарықтандырушылар және басқа да көптеген талантты адамдар атсалысады. Олар жарқын бейнелер мен ұмытылмас оқиғаларды сахналап, көрермендерді көрермендерді сан сезімдерге бөлеп, терең ойларға жетелейді.
Қазақстанда 57 мемлекеттік және 10 жекеменшік театр жұмыс істеп тұр. Отандық өнер ордаларында 9 мыңға жуық маман еңбек етеді, оның 4 мыңнан астамы – шығармашылық ұжым. Былтыр Қазақстанның мемлекеттік театрлары 200-ден астам жаңа қойылым қойды, оның 107-сі отандық авторлардың шығармаларына негізделген.