Ол бүгінгі таңда республиканың отын-энергетикалық кешені саналатын 1671 кәсіпорында 303 мыңнан астам түрлі кәсіп қызметкерлері жұмыс істейтінін атап өтті. Бұл туралы Primeminister.kz жазады. 2030 жылға дейін ОЭК салаларында құрылыс кезеңінде де, тұрақты жұмыс орындарында да 83 мыңнан астам сапалы жұмыс орындарын құра отырып, 99 жобаны іске асыру жоспарлануда.
Мұнай-газ саласындағы жобаларды іске асыру мұнай-газ саласының да, аралас салалардың да техникалық мамандықтары үшін шамамен 22 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Мұнай-газ химиясына 6 ірі жобаға 21 мыңнан астам қызметкер тартылатын болады, оның ішінде 18 мыңы уақытша және 3 мыңнан астамы тұрақты жұмыс.
Электр энергетикасында 72 жобада, оның ішінде 32 жаңартылатын энергетика жобасында 41 мыңнан астам жұмыс орны, уақытша 35 мыңнан астам және тұрақты 6 мыңға жуық жұмыс орны ашылады.