RSS лента

Театр фестивалінің ерекшелігі – балалар спектакльдері

  • 04.10.2024, 09:01,
  • 79
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Қазақстан драма театрларының республикалық фестивалінің негізгі мақсаты - Қазақстанның театр өнерін дамыту, сондай-ақ дәстүрлі негізде дарынды әртістер мен режиссерлерді анықтау және ынталандыру, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Сондай-ақ Қазақстанда дәстүрлі театр өнерін сақтау және дамыту, қазақ балалар әдебиетін дәріптеп және өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті дамыту болып табылады. Қазақстан драма театрларының XXX республикалық фестивалiнің барысы жайлы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Азамат Белқайыров ОКҚ алаңында баяндады. Биылғы Қазақстан драма театрларының XXX республикалық фестивалi көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналды. Бұл мәдени іс-шара жыл сайын өткізіліп келеді. Фестивалде іріктеуге алынған спектакльдермен алдын-ала сараптамалық кеңес жұмыс жасады. Олардың қатарында еліміздің белгілі театр сыншылары мен театр мамандары бар. Сараптамалық кеңес жұмыс барысында республиканың драма, музыкалы-драма, музыкалы комедия, жастар және балалар театрлары секілді 12 шығармашылық ұжымның қойылымдары сараптан өтті.

 

«Республикалық театрлар фестивалі Ережесінің талаптарына сай сараптамалық кеңес әрбір мүшесі үздік деген спектакльдерді таңдап, дауысқа салады. Республикалық фестивальдің талаптарына сай деп танылған 9 театрдың қойылымдары көрермендер назарына ұсынылады. Ал бір театр - Астана қаласы әкімдігінің «Жастар» театры фестивальдің қонағы ретінде қатысып отыр. Жалпы алғанда 10 театр фестивальге қатысуға жолдама алды», – деді спикер.

 

Фестиваль бағдарламасы бойынша қойылымдар қазан айының 1 және 5 күндері Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрының сахнасында өтіп жатыр. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.


Қазақстанда 57 мемлекеттік театр тіркелген. Жыл сайын олар халықаралық фестивальдерге белсенді қатысады және беделді марапаттарға ие болады. Жыл басынан бері шығармашылық ұжымдармен 8 мыңға жуық спектакль, оның ішінде балалар аудиториясы үшін 4 мыңға жуық спектакль ұсынылды. Биыл балалар қойылымдары басты театр мерекесінің ерекшелігі болды. Бұл туралы ОКҚ баспасөз конференциясында ҚР МАМ Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Азамат Белқайыров мәлімдеді.

 

Сондай-ақ ол республикалық фестиваль әр жылдары түрлі аймақта өткізілетінін еске салды. Әр ұжымнан фестивальге балалар мен жасөспірімдер тақырыбына арналған бір спектакль қойылды, оның премьерасы соңғы екі театр маусымында өтті. Іріктеуге бұрын халықаралық, республикалық театр фестивальдерінде жүлделі орындарға ие болған қойылымдардың қатысуына жол берілмейді. 

 

«Қазылар алқасы әр қойылымға толық кәсіби театрлық талдау жүргізеді. Сондай-ақ фестивальдің келесі номинациялар бойынша сыйлық иегерлерін анықтайды: «Үздік спектакль», «Үздік режиссерлік шешім», «Үздік сценографиялық шешім», «Үздік ер рөлі», «Үздік әйел рөлі», «Екінші пландағы үздік ер рөлі», «Екінші пландағы үздік әйел рөлі», «ШҚО әкімі атынан «Бердібек Соқпақбаев атындағы арнайы сыйлық», - деп түйіндеді спикер.

 

Қазақстан драма театрларының XXX республикалық фестивалiн 2022 жылдан бері Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры ұйымдастырып келеді. Бұған дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі шараны түрлі қалада атап өткен. Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыка театры директорының м.а. Ербол Хабылбеков ОКҚ алаңында 2022 -жылы Қазақстан драма театрларының  XXVIII  республикалық фестивалi Шолпан Жандарбекованың 100 жылдығына арналса, 2023 - жылы Қазақстан драма театрларының  XXIX  республикалық фестивалi Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналғанын айтып өтті.

 

Биылғы Қазақстан драма театрларының XXX республикалық фестивалі көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналып отыр. Фестивальге аясында көрсетілетін қойылымдарды Қазақстанның танымал театр сыншылар мен танымал актерлер  кіретін қазылар алқасы бағалайтын болады. Қазылар алқасы фестиваль ережесіне сай – 9 номинация бойынша жеңімпаздарды анықтайды».

 

Айта кетерлігі, жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табыс етіледі. «Үздік спектакль» аталымы бойынша – 3 млн теңге, «Үздік режиссерлік шешім» – 1,5 млн теңге, «Үздік стенографиялық шешім – 1 млн теңге, «Үздік ер адам рөлі» – 750 мың теңге, «Үздік әйел адам рөлі» – 750 мың теңге, «Екінші пландағы үздік ер адам рөлі – 500 мың теңге, «Екінші пландағы үздік әйел адам рөлі» – 500 мың теңге, ал арнайы Б.Соқпақбаев атындағы сыйлық – 1 млн теңге, ШҚО әкімінің арнайы сыйлығы – 2,5 млн теңге көлемінде қарастырылған.

 

Сондай-ақ алдағы уақытта Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры көрермендер қатарындағы балалар санын арттыруға ұмтылмақ. Мекеме төңірегінде балалар театр-студиясын ашу жоспарда бар. 2025-2026-жылдары мұнда балаларды актерлық шеберлікке дайындап, режиссерлық шеберлік, сахна тілі, сахна қозғалысы, вокалдық өнерді үйрету көзделген.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости