Кездесу барысында екі ел арасындағы мәдени бірлестікті нығайтуға ықпал ететін ынтымақтастықты дамытудың түрлі аспектілері талқыланды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті. Тараптар 2024 жылдың сәуір айында Саха республикасының күндері аясында Астана мен Алматыда өтетін іс-шараларды талқылады.
17 сәуірден бастап елорда тұрғындары мен қонақтары «Якутия қазынасы» көрмесінде көрсетілетін Якутияның бірегей мәдени мұрасымен таныса алады.
Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік ұлттық қазақ музыкалық драма театрының камералық залында «Якутия виртуоздары» скрипкашылар ансамблінің концерті, «Ньургун Боотур» Олонхо операсы, Максим Горький атындағы орыс драма театрының залында «Кыыс Дэбилийэ» Олонхо спектаклі жоспарланған.
Сондай-ақ, Алматыдағы мемлекеттік театр залдарында да концерттер мен спектакльдер ұйымдастырылады.