Ультрадыбыс ДНҚ молекуласындағы ақпаратты өшіреді, сондықтан Жерде сау бала жоқ екен. Мұның ақ-қарасын stopfake.kz анықтап көрді.
Петр Гаряев толқындық генетика теориясымен танымал. Оның айтуынша, ДНҚ-дағы ақпарат толқын түрінде ұсынылған. Сонымен қатар, псевдоғалым нақты қандай толқын туралы айтып отырғанын өзі де білмейді. Алдымен ол акустикалық толқындар туралы жазды, одан кейін торсионды, оптикалық және т.б. айта бастады. Шын мәнінде, ДНҚ құрылымында ешқандай толқындар жоқ. (https://www.genome.gov/genetics-glossary/Deoxyribonucleic-Acid) Бұл молекуладағы ақпарат аминқышқылдарының тізбегі ретінде кодталған.
Ғылыми теория тұрғысынан Гаряевтің идеясы негізсіз және дәлелдермен расталмайды. Ол алған мәліметтерді күрделі ұғымдармен түсіндіреді. Мысалы, ол лазер – ДНҚ, ал ДНҚ – бұл лазер дейді. Бұл идеялар лазерьге де, ДНҚ-ға да қатысты қазіргі ғылымның негізгі ережелеріне қайшы келеді. Сонымен қатар, оның теорияларын жоққа шығарылмайды, өйткені мұндай эксперименттер жүргізуге мүмкіндік жоқ.
Петр Горяевтің әріптестері оны ғылымға қарсы сөздері үшін жиі сынға алды. Псевдо ғалым бірнеше рет «ВРАЛ құрметті академигі» сыйлығының лауреаты атанған.
Ультрадыбыстың ДНҚ молекулаларынан ақпаратты өшіретіні туралы ақпарат жалған. Мұндай идеяларды алға тартқан Петр Гаряевтің теориялары ғылымға қарсы деп танылды.